Курсар - Дипломная, курсовая, реферат на заказ
Студенттерге арналған құтқару қызметі

“Әлеуметтік студенттік кредит” жобасы қыркүйекте іске қосылады

Е. Ковалева, 01 сентября 2019
ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арасында “Әлеуметтік студенттік кредит” жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға ҚР білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин қатысты.

Жоба негізінде ЖОО студенттері ақшалай сыйақы алып, қоғамдық жұмыс нәтижесінде академиялық кредиттерін қайта есепке ала алады. Күндізгі оқу нысанындағы ЖОО студенттеріне келесі әлеуметтік студенттік кредит түрлері ұсынылады:

  1. 20 сағат қызметі үшін 20 000 теңгеге кредит;
  2. 50 сағат қызметі үшін 50 000 теңгеге кредит.

Студенттер ерікті ретінде балалар үйінде, қарттар үйінде, білім беру және басқа да әлеуметтік мекемелерде көмек көрсетеді.

“Әлеуметтік студенттік кредит” жобасын іске қосу 2019 жылдың қыркүйек айына жоспарланған, ал оның тақырыптық модулі “Qazvolunteer.kz” еріктілердің бірыңғай интернет платформасында орналасады.

Сайт материалдарын пайдаланғанда, дереккөзге белсенді сілтеме міндетті түрде көрсетіледі.

Сколько стоит учебная работа на заказ?